Жаңалықтар
Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды
- авторjambylinfo.kz
- 15 маусым, 2023
- 193
Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды
Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млнт енгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы ҚР Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді".
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала