дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз полицейлері автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады

Тараз полицейлері автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады
ашық дереккөзі
Тараз полицейлері автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады
Тараз қ. ПБ жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның "Volkswagen Passat" маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды. Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар