Жаңалықтар
«Тараз» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 5:3 есебімен жеңді
- авторjambylinfo.kz
- 8 тамыз, 2022
- 224
«Тараз» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 5:3 есебімен жеңді
Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі бесінші туры мәресіне жетті.
Аталған турдың үшінші ойын күнінде төрт кездесу өткізілді.
А тобында Алматының «Қайраты» бүгін сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 3:1 есебімен басым түссе, «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Бұл топта екінші жолдамадан «Ордабасы» мен «Атырау» үміткер болып отыр.
В тобында Петропавлда жергілікті «Қызылжар» Ақтаудың «Каспий» командасына 1:3 есебімен жол берсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақжайық» (Орал) командалары 2:2 есебімен тең түсті.
Аталған топтан жарысты жалғастыруға «Қайсар», «Ақжайық» және «Каспий» командаларының мүмкіндігі бар. Ширек финалға берілетін екі жолдама иегері алтыншы турда анықталады.
С тобында ширек финалда «Тараз» және «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары сынға түседі. Бүгін «Тараз» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 5:3 есебімен тізе бүктірсе, 6 тамызда «Мақтарал» сырт алаңда «Ақтөбеге» 0:1 есебімен есе жіберді.
Ал одан кейін D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары 2:2 есебімен тең түсті. Елордалық футболшылар өз тобында екінші орынға табан тіреп, ширек финалға шықты.
Сондай-ақ аталған топта 10 ұпаймен бірінші орында тұрған Қарағандының «Шахтері» жарыстың келесі сатысында жолдама алды.
Алтыншы тур ойындары 13 және 14 тамыз күндері өтеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз