Жаңалықтар

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

Ол 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзған

Облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен іздеудегі "Hyundai Elantra" автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған автокөлік жүргізуішісі 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Айта кетейік, "Қорғау" мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін енгізілген болатын. Онда Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, олардан мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, бағыттама бойынша іздестірілгендер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушылар және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.