Таразда 100 адамдық той тоқтатылды
Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды.
Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті ұйымдастырылған көлемді іс-шара дерегін анықтады. Тараздағы мекемелердің бірінде рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан той анықталды.
Барлық қонақтармен профилактикалық әңгіме өткізілді, ал іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалды және жауапқа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.
«Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимінің 430 бұзылу дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапқа тартылды», – деп хабарлады полиция департаменті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
22 дүкен иесі ішімдік сатуды тоқтатты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024