Жаңалықтар

Таразда 1000-ға жуық ағаш отырғызылды

Экологиялық шараға ардагерлер, кәсіпкерлер, жастар қатысты

Таразда  “Жасыл желек – жердің көркі” атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, акция Ы.Сүлейменов көшесінен “Ұлы дала” ықшамауданына тіке өтетін жаңа ашылған жолдың бойында ұйымдастырылған.

Аталған акция барысында 1000-ға жуық ағаш отырғызылды. 

Ағаш отырғызуға облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысқан.