Таразда 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 ақпан, 2025
- 304

Күдікке бірінші іліккен қыздың 54 жастағы өгей әкесі күні кеше бағдарламада «арым таза» деп, кінәсін мойындамаған еді. Алайда екі талдау нәтижесі де оның жаңа туған сәбидің әкесі екенін көрсетті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz aikyn.kz cілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар. Үлкені бірінші некеден, екеуі екіншісінен. Өгей әкесі жарының бірінші қызын 3 жасынан бастап өсірген. Анасы қыздың жүкті екенін толғағы басталғанда ғана білген.
«ДНК сараптамасы жаңа туған нәрестенің әкесі күдікті екенін көрсетті. Алайда ерлі-зайыптылар мамандардың қателескенін айтып, сарапшылар ДНҚ нәтижелерін бұрмалады деп айыптады.Талдама нәтижесіне сенбеген ол, тіпті, тәуелсіз ДНҚ сараптамасын жасату үшін Алматыға да барған, онда да оның әке екені тағы бір мәрте дәлелденді», – делінген HALYQSTAN материалында.
Өгей әкесі қамауға алынғаннан кейін ғана бәрін мойындады. Қызымен алғаш жыныстық қатынасқа түскенде жас ана небәрі 13 жаста болған.
Күдікті ұсталған кезде ғана қыз анасына ашылып, бәрін айтып берген, оған дейін одан қорыққан болып шықты.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігімен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғады.
Енді ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күні кеше журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде осы оқиғаны жария еткен еді. Тараз қаласының тұрғыны телеарнадан көмек сұрап хабарласқан. 39 жасар келіншектің сөзіне сенсек, оның 16 жасар қызын бір жыл бұрын әлдекім зорлаған. Видеода басты күдікті қыздың өгей әкесі екені айтылған, бірақ оның өзі кінәсін мойындамағанын еске саламыз.