сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды
ашық дереккөзі
Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды
Тараз қаласында полиция қызметкерлері 150-ден астам адам шақырылған үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады. Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты карантин шараларды күшейтілген болатын. Мобильді топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуге салынған шектеуің сақталуы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуына бақылау жүргізіп келеді. Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қаладағы тойханалардың бірінде 150-ден астам қонақ шақырылған үйлену тойын өткізу дерегін анықтады. Тойды ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жиналды және бас санитарлық дәрігердің талабын бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді. «Облыстың барлық тұрғындарын азаматтық парызын көрсетуге және адам көп жиналатын орындарға бармауға, жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге және жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әлеуметтік қашықты сақтауға шақырамыз», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар