Жаңалықтар

Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынды

Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынды

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Тараз қаласы көшелерінде жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, әлеуметтік желіге жариялаған 18 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабының 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау), 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 599-бабының 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту), 606-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жас құқық бұзушы енді 5 хаттама үшін 120 мың 750 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Жүргізуші өз кінәсін мойындады. Көлік құралы айыптұраққа қойылды. - Жол-көлік оқиғалары салдарынан күнде азаматтар зардап шегіп, тіпті жақындарынан айырылып жатады. Сондықтан жолдың барлық қатысушыларына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз,- деді Тараз қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға жол ережелерінің бұзушылығын 102 арнасына қоңырау шалу және @zhambyl_police парақшасына жазу арқылы хабарлай алатынын ескертеді. Барлық хабарламалар бойынша полиция қажетті шаралар қабылдайды.