Таразда 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады
Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қ. ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде.
Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады.
Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025