Жаңалықтар

Таразда 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады

Таразда 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады

Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қ. ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Polisia.kz. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде. Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады. Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.