Таразда 20 адам 3 жасөспірімді соққыға жықты
14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды
Желіде Таразда 20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Әлеуметтік желіде тараған "20 адам 3 жасөспірімді ұрды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді полиция қызметкерлері.
Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.
Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар – 13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жігіт. Олардың жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.