жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 3 жасар бала бірнеше ине жұтып қойған

Таразда 3 жасар бала бірнеше ине жұтып қойған
ашық дереккөзі
Таразда 3 жасар бала бірнеше ине жұтып қойған
Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, — деп хабарлайды Жамбылинфо. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласы киім бөлшегін (бегунок) жұтып қойды деген шағыммен анасы келген. Кішкентай науқастың емін бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Шыныбеков пен Мәулім Кенжеәлі жүргізген.
Дегенмен қарапайым рентгенографияда киім бөлшегінен (бегунок) бөлек, асқазан-ішек жолдарында тағы да төрт иненің бары белгілі болды. Қайтадан ЭФГДС жасалып, асқазаннан ине алынып тасталды. Содан кейін колоноскопияның көмегімен сигма тәрізді ішекке қадалған ине алынып тасталады»,-деді жоғары санатты хирург-дәрігер Сейдахмет Байдуллаұлы.
Бала бақылауда болған. Іштің бақылау R–граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылды. Колоноскопия жасалып, ішектің шырышты қабығына қадалған сигма тәрізді ішектен соңғы ине алынып тасталды. Қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайда бала үйге шығарылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар