Жаңалықтар

Таразда 3 жасар бала бірнеше ине жұтып қойған

Таразда 3 жасар бала бірнеше ине жұтып қойған

Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, — деп хабарлайды Жамбылинфо. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласы киім бөлшегін (бегунок) жұтып қойды деген шағыммен анасы келген. Кішкентай науқастың емін бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Шыныбеков пен Мәулім Кенжеәлі жүргізген.

Бала бақылауда болған. Іштің бақылау R–граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылды. Колоноскопия жасалып, ішектің шырышты қабығына қадалған сигма тәрізді ішектен соңғы ине алынып тасталды. Қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайда бала үйге шығарылды.