жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылған

Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылған
ашық дереккөзі
Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылған
 Тараз қаласында қаңғыбас ит пен мысықтарды уақытша ұстайтын орын салуға 40 млн теңге қарастырылған. Қазір Асқаров көшесінің бойынша мекеменің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Оның айтуынша, былтыр Жамбыл ауданында 93,6 млн теңгеге, Байзақта 59 млн теңгеге, Меркі мен Мойынқұмда 5,6 млн теңгеге қаңғыбас ит пен мысыққа панажай соғылған.
«Ал, Тараз қаласында уақытша ұстау орнын салуға 40 млн теңге қарастырылып, қазір Асқаров көшесінде құрылысы жүріп жатыр. Биыл әкімдік жануарларды уақытша ұстауға арналған панажайларды қаржыландыруға 5 млн тенге, қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру, бірдейлендіруге – 11 млн тенге, қаңғыбас жануарларды вакцинациялау мен стерилизациялауға -10 млн тенге, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындардың ит-мысықтарын сәйкестендіруге 525 мың тенге бөліп отыр», - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар