Жаңалықтар

Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылған

Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылған

 Тараз қаласында қаңғыбас ит пен мысықтарды уақытша ұстайтын орын салуға 40 млн теңге қарастырылған. Қазір Асқаров көшесінің бойынша мекеменің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, былтыр Жамбыл ауданында 93,6 млн теңгеге, Байзақта 59 млн теңгеге, Меркі мен Мойынқұмда 5,6 млн теңгеге қаңғыбас ит пен мысыққа панажай соғылған.