бейсенбі, 3 қазан, 2024 22:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

Таразда қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
12 қазан күні тараздықтар қала күнін атап өтеді

Жыл сайын қазан айының басында көне шаһар – көрікті шаһар Тараз қаласының туған күні тойланады. Биыл да қала күні мерекесіне орай түрлі іс-шаралар, қала тұрғындарына арналған көңілді кештер, спорттық жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабаралауынша, қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар қазанның 4-інен басталады.

«Туған өлкем – қандай көркем» – «дөңгелек үстел» отырысы

4 қазан

Сағат: 11:30

№6 кітапхана

«Атқа міну мәдениетін» жастар арасында дәріптеу

5 қазан

Сағат 11:00

«Мамыр» саябағы

Бұқаралық спорттық іс-шаралар (гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, асық, ләңгі тебу, т.б)

7 қазан

Сағат: 11:00

№32 кіші футбол алаңшасы («Арай-2» ы/а)

«Тараз тарихының шежірелі деректері» атты әдеби круиз

8 қазан

Сағат: 12:00

Қалалық қоғамдық көліктерде

«Тараз көркі» атты фото байқауы

9 қазан

Сағат 11:00

«Тектұрмас» этно-тарихи кешені

«Тараз дауысы» байқауы

9 қазан

Сағат: 10:00

Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі

Бұқаралық спорттық іс-шаралар (гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, асық, ләңгі тебу, т.б)

9 қазан

Сағат: 10:00

№4 кіші футбол алаңшасы (Қазыбек би көшесі, 143)

«Тарихы терең жыр шаһар» атты жас ақындармен кездесу кеші

9 қазан

Сағат: 18:30

Абай атындағы орталық кітапхана

«Сүйікті қалам – Тараз» атты эстрада жұлдыздарның қатысуымен мерекелік мәдени-көпшілік іс-шара

12 қазан

Сағат: 19:00

«Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар