Жаңалықтар
Таразда алматылық азамат шартты мерзімінен бұрын босатылды
- авторjambylinfo.kz
- 2 желтоқсан, 2022
- 348
Таразда алматылық азамат шартты мерзімінен бұрын босатылды
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін алматылық азамат шартты мерзімінен бұрын босатылды. 33 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Енді оның жазасы ҚР ҚК-нің 72 бабына сот шешімімен шартты түрге алмастырылып, еркіндікке жолдама алды.
Жазасын өтеушіні мекеме қақпасынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, бостандықта қайта қылмыс жасамауға шақырды. Айта кетейік, сотталғандардың ертерек еркін өмірге қосылуына олардың түзеу мекемесіндегі тәртібі айрықша әсер етеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз