Жаңалықтар

Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз бала ұсталды

Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз бала ұсталды

Белгісіз тұлға пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды. Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.