Таразда автобус қағып кеткен адам қаза тапты
Таразда автобус қағып кеткен адам қаза тапты
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Бүгін Төле би даңғылының бойында автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлік тұрағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол - көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.