Жаңалықтар

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы болып шықты

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы болып шықты

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты, деп хабарлады Жамбылинфо тілшісі  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «102»-ге 38 жастағы тұрғын өзінің Range Rover автокөлігін көлік жуу орны жұмысшысының ұрлап кеткендігі туралы хабарламамен жүгінген. Мас күйдегі көлік жуушы күзетшіден автокөлік кілттерін алаяқтық жолмен иемденіп, қала ішінде серуендеуге шешім қабылдап, көп ұзамай, Алматы қаласына қарай бағыт алған.

Оның осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғандығы анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.