Жаңалықтар

Таразда балабақша директоры қамауға алынды

Таразда балабақша директоры қамауға алынды

Прокурорлар Тараздың балабақшасында ірі көлемде қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған. Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.