Жаңалықтар

Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты

The final spritzer

Өрт болған аймақтан 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілген

Тараз қаласында облыстық балалар ауруханасынан өрт шықты. Өрттің шығуына жертөледегі компьютерлік томография аппараты өртке орануы себеп болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт дер кезінде ауыздықталған. Қара түтін жайылған аймақтан барлығы 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілген.

"Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда", – делінген хабарламада.