Жаңалықтар

Таразда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның жаңа бөлімшесі салтанатты түрде ашылды

Таразда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның жаңа бөлімшесі салтанатты түрде ашылды

Қазіргі таңда аталған банк әрбір клиентке жақынырақ және қолжетімді болу үшін республиканың барлық аумақтарында өз бөлімшелерін ашып, қарапайым және қолжетімді қаржы қызметтерін көрсетуде. Осы ретте айта кетейік, бұл  «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалының облыс бойынша жетінші, ал қалада ашылып жатқан төртінші бөлімшесі.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, банктің серіктестері, танымал кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен клиенттері қатысты. Жиында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайлов, ҚР Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров және басқа да лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі. «Қаржылық институттардың ішінде абыройлы көш бастап тұрған «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызмет көрсету түрлері көбейіп, сапасы артып келеді. Кемелді келешекке қарышты қадам басқан еліміздің абыройы әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттерді жүктейді. Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті саласы – банк жүйесін дамыту мен жетілдіру ісінде аянбай еңбек етіп жүрген осы тұрған қызметкерлердің еңбегі орасан зор. Сіздер іскерліктеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің және біліктіліктеріңіздің арқасында көп межені бағындырып келесіздер», - деп атап өтті қала басшысының орынбасары. Банк Жамбыл облысында бірқатар көрсеткіштер бойынша көшбасшы бола отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін де, халық үшін де банк қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. Бүгінде еліміздің экономикасын арттыруда елеулі үлес қосып жатқан банк ұжымы әрбір тұтынушыға лайықты қызмет көрсетуде.  width= Өз кезегінде «Банк ЦентрКредит» АҚ ЖОФ-ның директоры Бекдауыл Иптилдаев та сөз алып, салтанатты рәсімге қатысушыларға, қолдау танытқан әріптестеріне алғысын жеткізді. «Банктің жаңа бөлімшесінің ашылуы біз үшін маңызды стратегиялық қадам. Бөлімше озық сандық технологиялармен және кәсіби мамандардың көмегімен көптеген клиенттеріміздің банктік қызметтерін жеңілдетіп әрі тездетеді деген үміттеміз. Сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның есігі әрдайым жаңашыл, шығармашыл серіктестерге айқара ашық», — деп ЖОФ-ның директоры Бекдауыл Иптилдаев пікір білдірді. Шара соңында келген қонақтарға банк тарапынан естелік сыйлықтар үлестірілді.