дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда банк қызметкерін тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Таразда банк қызметкерін тонамақ болған күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда банк қызметкерін тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 28 жастағы тұрғын хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде орналасқан базарда белгісіз азамат күш қолдану арқылы қолындағы сөмкесін тартып алмақшы болғанын айтты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 22 жастағы Тараз тұрғыны мен оның сыбайласы 30 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер арызданушының микрокредиттік банк қызметкері екенін біліп, сөмкесіндегі қолма-қол ақшаны тартып алмақ болған. Ал арызданушы қарсылық көрсетпес үшін оны ауыр темірмен соққыға жығып, қаражатты өз керектеріне жаратпақ болған. Айлада арам ойлары іске аспай, басқа сатушылар араша түскен соң белгісіз бағытқа бой тасалаған. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар