Жаңалықтар

Таразда демалыс күндері 2 адамды үсік шалды

Таразда демалыс күндері 2 адамды үсік шалды

Ауа райын болжаушылар алдын ала ескерткендей, Жамбылда аяз күшіне мінді. Түнде 20 градустан асса, таңертең 10-15 градусты көрсетіп тұр. Демалыс күндері жедел жәрдем қызметіне қол-аяқтарының үсіну дәрежесімен, екі адам көмекке жүгінген деп хабарлайды Жамбылинфо. Екі тұрғынға да алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарай емханада ем-домын жалғастыру ұсынылыпты.