Таразда депутаты соққыға жыққан күдікті ұсталды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 мамыр, 2025
- 417

Instagram әлеуметтік желісінде TarazNewsKZ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Жамбыл облыстық полиция департаментіне жақын маңдағы «Ғибрат» дәмханасында болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала деректер бойынша, оған белгісіз біреу шабуыл жасаған. Шабуыл кезінде кастетке ұқсас зат қолданылған болуы мүмкін. Салдарынан Байғазиевтің бет сүйектері бірнеше жерден сынған. Ол дереу ауруханаға жеткізілгенімен, Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауруханада жатудан бас тартқан.
-Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Орын алған бұзақылық қылмысына қатысы бар азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленушіге қажетті барлық медициналық көмек көрсетілді, алайда ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның мән-жайын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.