Таразда депутаты соққыға жыққан күдікті ұсталды

13 мамыр кешкісін Тараздағы дәмханалардың бірінде Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты әрі заңгер Нұрлан Байғазиев соққыға жығылып, ауыр жарақат алды.
Instagram әлеуметтік желісінде TarazNewsKZ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Жамбыл облыстық полиция департаментіне жақын маңдағы «Ғибрат» дәмханасында болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала деректер бойынша, оған белгісіз біреу шабуыл жасаған. Шабуыл кезінде кастетке ұқсас зат қолданылған болуы мүмкін. Салдарынан Байғазиевтің бет сүйектері бірнеше жерден сынған. Ол дереу ауруханаға жеткізілгенімен, Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауруханада жатудан бас тартқан.