Таразда Елен Әлімжанның 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті
- авторjambylinfo.kz
- 17 наурыз, 2025
- 136

Бүгін Тараз қаласында орналасқан Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Елен Әлімжанның 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кездесу өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәдени шараға ардақты қаламгердің өзі қатысып, шығармашылығы мен өмір жолы жайлы жас оқырмандармен ой бөлісті. Кеш барысында оның әдеби мұрасы мен қоғамдық қызметі жайында сөз қозғалып, қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, оның көркемдік әлеміне терең бойлады.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар жазушыға сұрақтар қойып, оның балалық шағы мен шығармашылық жолына саяхат жасады. Сондай-ақ, әдебиеттің маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттігі жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз