Жаңалықтар

Таразда халал өнімнің саны артты

Таразда халал өнімнің саны артты

Тараз шаһарында халал тағамдардың саны екіге артты. Бұл жайлы ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Абылайхан Ғабитұлы сүйінші сұрады. Өйткені бұл жолы куәлік тұрғындардың сүйіп жейтін fast food өнімі Kodzhak ЖК "Маки маки" дәмханасына бұйырды. Сонымен қатар Тараз "халал шұжықтың астанасы" лақап атын дәлелдеп, "Тансикбаев" ЖК шұжық өнімдері цехы да сертификат алды. Өндіріс орындарына бірнеше уақыт бұрын халал өнімің сақшылары арнайы тексеріс жүргізіп, қатаң қадағалауға алған болатын. Лабораториялық сынаманың нәтижесі оң шығып, сынақтан да сүрінбей өткен кәсіпорындар бүгін сертификаттармен марапатталды. Куәлікті Абылайхан Ғабитұлы табыстап, кәсіпкерлердің ісіне адалдық, табысына береке тілеп қайтты.