Жаңалықтар
Таразда ірі сауда орталығынан жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 15 ақпан, 2025
- 814
Бұл ақпарат туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері хабарлады
Тараздағы ірі сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды, хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағы мен жедел-тергеу тобы және кинологтар ғимаратты тексеріп жатыр. Сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылды,-делінген хабарламада.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан мән-жай анықталғанша өзге ақпараттарға сенбеуге, сабыр сақтауға шақырады.
Сондай-ақ, терроризм актісі туралы жалған жалған ақпарат үшін ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Келесі мақала
Лондонда ер адам құранды өртеп жіберген
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






