Жаңалықтар

Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кеткен

Күдікті пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған

Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлап, оған іздеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

«Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.  Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті «Nike» жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген», - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.