Жаңалықтар
Таразда көпқабатты үйден шыққан өрттен бір адам қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 18 маусым, 2021
- 514
Таразда көпқабатты үйден шыққан өрттен бір адам қайтыс болды
Таразда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды. Тағы 5 адам құтқарылды. Оның төртеуі бала. Оқиға қаладағы тоғызыншы мөлтек ауданда болған.
Бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан қызыл жалын 25 шаршы метр жерді шарпыған. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Тілсіз жау күшейіп кеткендіктен, 5 адам арнайы сатымен түсірілді. Жарақат алған алты адамға медициналық көмек көрсетілген. Денесін күйік шалған екі адам жансақтау бөліміне түсіп, бірі қайтыс болды. Екінші адамның жағдайы ауыр. Ал қалған тұрғындар медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылған. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Әлібек Әбсатов, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі басшысының орынбасары:
– Жоғарғы рангты күшпен құралдар жеткізілді. Оған екі қол оқпандары беріліп, өрт 20 сағат 7 минутта оқшауланып, сол уақытта жойылды. Оттықты абайсызда қолдану, темекі шегу сияқты себептерден болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Қазір лоборатория жұмыс істеп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Демалыс күндері ауа райы салқындайды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






