Жаңалықтар

Таразда Көрісу күні мерекесі аталып өтті

Таразда Көрісу күні мерекесі аталып өтті

14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. «Жаңа жасың құтты болсын», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен» деген сынды тілектерін айтып, бір-бірімен көрісіп шығады.  Бүгін Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Көрісу күні» аталып өтті. Іс-шараға қоғам белсенділері, қариялар мен жастар қатысты. Мәдениет үйінің сахнасында Дулати халықтық студенттік - жастар театрының әртістері Амал мерекесіне орай театрландырылған қойылым қойды. Одан кейін «Томирис би» тобы мың бұрала би билеп, қойылымды жалғастырды. Жиын соңында қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков жиналған барша жұртқа ақ батасын берді.