жексенбі, 6 қазан, 2024 7:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда карантин ережелерін бұзғандар жазаланды

Таразда карантин ережелерін бұзғандар жазаланды
ашық дереккөзі
Таразда карантин ережелерін бұзғандар жазаланды

Таразда карантин ережелерін бұзған үш бар анықталды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мобильдік топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуде шектеулерді сақтау бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуын бақылауды жалғастыруда. Адамдар көп жиналатын орындар мен қаланың ойын-сауық орындары карантиндік шектеулерге қатысты ерекше бақылауда, олар бетперде режимі және әлеуметтік қашықтық талаптарының сақталуы тұрғысынан үнемі тексерумен қамтылып отырады. Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қаланың бірнеше мекемесінде, атап айтқанда «Viber», «Х.О», «Game over» барларында карантиндік режимді бұзу деректерін анықтады, - делінген ақпартта. Осы барларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жинақталып, бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық- эпидемиологиялық қызметке жіберілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар