Жаңалықтар

ТАРАЗДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

ТАРАЗДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың қатысуымен 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті. Іс-шара Мұхтар Шаханов туралы замандастар пікірлері текстік бейнеконтентпен басталып, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістерінің «Танакөз» поэмасы желісіне қойған композицясымен ашылды.  width= Мерейлі мерекеде «Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры», «Махаббат елі», «Өмір-өзен», «Арқалықтың ақ таңы», «Мен саған ғашық едім», «Әке туралы жыр», «Айналайын», «Баба Түркістан», «Бала махаббаты» тақырыптарындағы әндерді К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері би қойылымдармен нақышына келтіріп шырқаса, өлеңдері мен жырларын «Ұстаз» университетінің түлектері орындады. Кеш соңында дарабоз ақынымыз жамбылдықтарға ақ батасын беріп, жыр-шашуын жолдады. Мерейтой иесіне облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы құттықтауын арнап, сый-құрметін көрсетті. Көрермендер үшін ғимарат алаңында «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауында М.Шаханов әндерінен радио-концерт беріліп, шығармашылығына арналған Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесі қойылды.   Ғалия АБЫЛАЙ Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы