дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 2:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалі өтті

Таразда «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалі өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шарада жергілікті қолөнершілердің туындылары ел назарына ұсынылды

Таразда Әз-Наурыз мерекесіне орай  танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралардың легі бүгін Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалімен жалғасты.

Іс-шараға арнайы келген қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қолөнершілердің туындылары қойылған көрмені тамашалады. Сонымен қатар ою-өрнектің қазақ мәдениетінде алар орны ерекше екенін атап өтіп, жиылғандарды мерекемен құттықтады. 

Көрмеге қаламыздағы қолөнермен кәсіби түрде айналысатын 23 құрақшының бұйымдары орналастырылған. 
Оның ішінде жүннен жасалған киім, төсеніштер, қыз жасаулары, тұрмысқа қажетті түрлі бұйым бар.

Қолөнер бұйымдарын арнайы сайланған қазылар алқасы жоғары бағалап, көрермен көрменің көңілден шыққанын растады. 
Осылайша фестивальге қатысушылар  ұйымдастырушалар тарапынан бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Шара соңы концерттік бағдарламалармен түйінделді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар