Осыған байланысты, Жамбыл облысының тұрғындарына аталған тауар түрін баға арзан жерден сатып алуды ұсынамыз.
Бүгінде өңірде “Пионер” ұн бағасының өсуі байқалмайды, керісінше өткен жылмен салыстырғанда жоғарғы сұрып 10%, ал бірінші сұрып ұны 21%-ға арзандаған.
Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан 19 тауар түріне тұрақтандыру жұмыстары жүргізіледі, бұл тізімге жоғары сұрыпты ұн кірмейді, 1-ші сұрыпты ұн бағасы қадағаланады.
1-ші сұрыпты ұнның бағасы бүгінгі күнге келесідей қалыптасып отыр:
“Корзина” желісінде:
1. “Пионер” 50 кг – 13 050 теңге (Шымкент);
2. “Ақсарай” 50 кг – 13 750 теңге (жергілікті);
3. “Наубай” 50 кг – 10 450 теңге (жергілікті);
4. “Адем” 50 кг – 12 350 теңге (Қарағанды);
5. “Цесна” 50 кг – 13 950 теңге (Астана);
6. “Қарағанды нан” 50 кг – 7500 теңге (Қарағанды).
“Фиркан” желісінде:
1. “Пионер” 50 кг – 11660 теңге (Шымкент);
2. “100 пудов” 50 кг – 13 085 теңге;
3. “Цесна” 50 кг – 10 760 теңге (Астана);
4. “Корона” 50 кг – 13 510 теңге (Қостанай).
Нұрислам желісінде:
1. “Ақсарай” 50 кг – 11 125 теңге (жергілікті).
“Ауыл Береке” базары:
1. “Пионер” 50 кг – 11 500 теңге (Шымкент);
2. “Ақсарай” 50 кг – 11 000 теңге (жергілікті);
3. “Ақ ниет” 50 кг – 9 800 теңге (Семей) ;
4. “Золотой стандарт” – 11 500 теңге (Шымкент);
5. “Дарад” – 11 700 теңге (Қарағанды).
т.с.с.
Тахмина Әшірбай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз