Таразда құны 5,5 млн теңге тұратын мефедрон сатқан екі дос ұсталды
Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұзақ уақыт бақылаған
Таразда "қара нарыққа" қатысы бар деген қос күдікті ұсталды. Дәлірек айтсақ, қаланың 34 және 32 жастағы тұрғындары есірткі затын саудалап келген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің дерегінше, ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 азамат ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні Тараз қаласында таратқан.
Іздеу шаралары кезінде күдіктілердің бірі үйіндегі жатын бөлмесіне жалпы салмағы 122,37 гр "мефедрон" синтетикалық затын жасырып қойған. Осылайша 330-дан астам доза есірткі тәркіленген. "Тауардың" қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасында бағаланады.