Жаңалықтар

ТАРАЗДА ОҚУШЫ «TOZBE» ҚОСЫМШАСЫН ЖАСАДЫ

ТАРАЗДА ОҚУШЫ «TOZBE» ҚОСЫМШАСЫН ЖАСАДЫ

Таразда 10-сынып оқушысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қосымша жасап шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Нұрболат Ізтілеу «Төзбе» деп аталатын туындысын 1 жыл бойы дайындағанын айтады. Жас ғалым бұған дейін елімізде мұндай мобильді қосымшаның аналогы болмаған дейді. Жасанды интелектіге негізделген жоба зардап шеккен адамға психологиялық және заңгерлік көмек беріп, құқық қорғау органдарымен байланыстыра алады. Жобада Қазақстанның заңбұзушылық картасы енгізілген. Мектеп оқушысының жаңалығына аймақтағы құқық қорғаушылар қызығушылық танытып отыр. Бірге құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полицейлер жобаны жетілдірсек дейді. Нұрболат Ізтілеу, оқушы: - Зерттеу барысында біз көптеген опрос жасадық. Көптеген әйел кісілер мен ер кісіден сұраған кезде, «Сіз осы тұрмыстық құқықбұзушылыққа ұшыраған кезде не істеу керек екенін білесіз бе?», - деген кезде. «Қайда бару керек екенін білесіз бе?», - деген кезде. «Жоқ», - деп жауап берген болатын. Дәл осы себептермен біз картаға енгізген болатынбыз. Бастырма басқан кезде әр облыстың дағдарыс орталығы шығатын болады. Құрмет Мажікенов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары: - Өзіміздің қызметкерлерді осы балалардың тобына қосамыз бірген. Тағы да басқа көп көмектер керек болса, басқа құқық саласынан ол жағынан да жұмыс жүргіземіз. Оң бағасын тауып, лицензиясын алып жатқан жағдайда біз осы пилоттық жоба жоба ретінде Жамбыл облысында оны енгізуге дайынбыз. Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/627813-tarazda-o-ushy-tozbe-osymshasyn-zhasady