Жаңалықтар

Таразда қоныс колониясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Таразда қоныс колониясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылғандарды қоғамға бейімдеудің төте жолы - оларды жұмыспен қамту. Бүгінде құзырлы органдар тарапынан бұл бағытта кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі (қоныс колониясы) жазасын өтеушілер құрылыс жұмыстарына тартылып, еңбек етуде. Тиісінше, оларға заң нормаларына сәйкес белгілі мөлшерде еңбекақы да төленуде.  width= Ерекше атап өту керек, сотты болған азаматтар жұмыспен қамтылып, қаражат табу арқылы мемлекет алдындағы берешегін өтеп, өз отбасыларына да қарайласуға мүмкіндік алған.