Жаңалықтар

Таразда пәтер кезегін жылжытып беремін деп тұрғындарды алдап соққан алаяқ ұсталды

Таразда пәтер кезегін жылжытып беремін деп тұрғындарды алдап соққан алаяқ ұсталды

Ол тұрғындардан 14 миллион теңгеден аса қаржыны иемденіп кеткен. Қалалық полиция басқармасына бірнеше тұрғыннан арыз түскен. Олар баспана алу үшін кезекті жылжытып беремін деген әйелге қомақты қаражат ұсынғандарын айтқан. Алайда күдікті ақшаны алған соң байланыспаған. Жедел іздестіру шараларының арқасында 32 жастағы тұрғын ұсталды.