жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Таразда пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан белгісіз тұлғаның түнгі мезгілде үйінің жатын бөлмесіндегі пластикалық терезеден жасырын кіріп, бөлмеде тұрған алтын бұйымдарын және 8500 теңгесін ұрлап кеткендігі жайлы хабарлама түскен. Келтірілген шығын көлемі 350.000 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғыны анықталып,ұсталды. Күдікті қылмыс жасаудың алдында із қалдырмас үшін аяқ киіміне қара түсті полиэтиленді пакет киіп кіргенін, ұрлап алған алтын бұйымдарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсамақ болғандығын баяндады. Аулада бейнебақылау камераларының бар екендігін білмеген. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар