Жаңалықтар

Таразда Палау орталығы өртенді

Таразда Палау орталығы өртенді

15.06.2023 жылғы 15 маусымда сағат 6:40-та Тараз қаласы, Рыночная көшесінде орналасқан 1 қабатты «Султан» дәмханасында палау орталығы өртке оранған. Өрттің ауданы 300 ш.м. (жалпы көлемі 650 ш.м.) құраған. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінен 36 қызметкерімен 9 бірлік техника жедел шығып, өртті 7 сағат 23 минутта оқшаулап, 7 сағат 27 минутта жойды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің алдын алу анықталған себептері бойынша қысқа тұйықталудан шыққан. Осыған орай, облыс және қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларын қатаң ескертеміз. Өрттің алғашқы белгілерінің туындауы кезінде (еріген сымның және түтін иісі) электр жабдығын қуат көзінен ажырату қажет. өртті сөрдіру үшін жедел шаралар қабылдау қажет және оқиға туралы «101» немесе «112» нөміріне байланысу қажет. Ал өрт күшейген жағдайда улы газдан уланудан сақтану үшін үй-жайдан шығу қажет. Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі