дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда үшем дүниеге келді

Таразда үшем дүниеге келді
Сурет: Ашық дерекөзден алынды
Үшемдерді 38 жастағы Тараз қаласының тұрғыны дүниеге әкелді

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында үшемдер жарық дүниеге келді.  Бұған дейін Сәпиевтер отбасы 5 бала тәрбиелеп отырса, енді олар 8 баланың ата-анасы атанып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Үшемдердің екеуі — қыз, біреуі —ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.

Дәрігерлердің айтуынша, үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы —992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0.

«Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау жұмыстары перинаталдық орталық қыз­меткерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады. Дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге дұрыс күтім жасау қажеттігі бойынша анасына кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, үйлеріне аман-есен шығарылды,-деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.  

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар