Таразда "Таза Қазақстан" акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Оған халық белсене қатысты
Облыс орталығы аумағындағы тазалық жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізінде үздіксіз жалғасып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпықалалық сенбілік аясында қаланың барлық округінде қарқынды санитарлық жұмыстар атқарылған.
Сенбілікке қаладағы мемлекеттік, жекеменшік ұйым-мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар өз аумақтарын қоқыстан арылтып, тиісті орынға шығарған.
Айта кетейік, Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.