жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда той кортежінде ереже бұзғандар анықталды

Таразда той кортежінде ереже бұзғандар анықталды
ашық дереккөзі
Таразда той кортежінде ереже бұзғандар анықталды
Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қала аумағында орналасқан бейнебақылау жүйелері бойынша той кортежінде жол ережесін қатаң түрде бұзып, ішіндегі «Tоyota Prado 150» және «Audi» маркалы автокөліктері арасында механикалық жол көлік оқиғасы орын алғаны анықталды. Екі автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі (Қауіпсіздік белбеулерін тақпаған), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі (Жол белгілерін сақтамау), ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы (Жол жүру қағидасында авариялық жағдай туғызу), ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі (Бағдаршам тыйым салынған сигналына өту), ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі (Көлік құралымен қарсы бағытқа өту, басып озу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерімен кортедж құрамында болған басқа да 10 автокөлік иесі анықталды. «Lexus», «Nissan» маркалы автокөліктерінің жүргізушлеріне ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабымен (Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу), «Land Rover», «Hyundai» , «Priora», «Hyundai» маркалы автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), «Nissan» маркалы автокөлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-тармағымен (Қауіпсіздік белбеулерін тақпаған) жауапкершілікке тартылып, барлық көліктер айыптұраққа орналастырылды. Тәртіп бұзушыларға жалпы 313 мың 635 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар