Тараздағы медициналық мекемелерге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
24 ақпан күні «102» нөміріне Тараз қаласының бірнеше медициналық мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының полиция қызметкерлері, ҰҚК, ТЖ департаменттері, жедел-тергеу топтары, кинологтар мен арнайы жасақ шұғыл әрекет етіп, ғимараттарды тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.