Жаңалықтар

Тараздағы мектептің медбикесіне күніне 60-100 бала қаралады – комиссия

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері мектептегі мейірбикелердің санын арттыру керек дейді

Тараздағы №1 гимназияның мейірбикесіне күніне кемі 60-100 оқушы келіп қаралады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова мәлім етті, деп Jambylinfo.kz.

Айта кетейік, қазір мектептерде 700 балаға бір мейірбике жауапты болу керек. Бақыт Жақсылықованың айтуынша, Тараз қаласындағы №1 гимназияда білім алатын 2403 оқушыға небары 2 медбике қызмет көрсеткен. Ал, дереккөзге сүйенсек, мектептің медициналық пунктіне күніне кемі 60-100 бала барып қаралады екен.

Осыған байланысты, комиссия хатшысы балалардың денсаулығы үшін бұл мәселені қарастырып, мектептердегі мейірбикелердің санын көбейту керек деген ұсынысын мәлім етті.