Тараздағы қоғамдық көлік мәселесі шешілмей келеді
Тараздағы қоғамдық көлік мәселесі шешілмей келеді
Қазақстан-егемен ел болып, ішкі және сыртқы саясатын белсенді жүргізіп келе жатқанына отыз жылдам асты. Осы уақыт аралығында, көптеген белестерге жетіп, әлі күнге дейін тұрақтандыру, жүйелеу жұмыстарымен айналысып келеді. Сондай жүйелендіруді талап ететін, маңызды тақырыптардың бірі-қоғамдық көлікпен халықты қамтамасыздандыру... Қазақстанда да бұл сала о бастан қолға алынған, десе де бүгінгі күні аталмыш көліктер, сапа мен стандартқа сай деп айта алмаймыз. Еліміздегі әрбір мегаполисте бұл басты мәселе болып отыр. Халықтың қалтасына бағасы тиімсіздігімен қатар, автобустар мен микро автобустардың сапасы нашар, техникалық жағынынан өте ескі, дөрекі жүргізуші мен оның көмекшісін қайтерсіз? Еліміздің көрікті шахарларынының өзінде 100% бұл мәселе шешімін таппаған. Күнделікті жаңалықтардан кемі бір рет аталмыш тақырыптың өрескел қателіктерін көріп жүрміз, сондағы халықтың жан айқайына кімдер жауапты? Соңғы кездері тіпті жол ережесіне бағынбай, адам қағу, жол үшін төбелес, жол ақыдан үстемақы көру, тіпті адам өлімі факторлары да жиі тіркеле бастады. Жеме-жемге келгенде, бірін-бірі кінәлау, қылмысты мойындамау, ебін тауып қылмыстан сытылып шығу сынды әрекеттер көбеюде. Бұл мәселе жөнінде аймақ басшысы: «Тараз қаласында, облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі мәселесі субсидия арқылы шешімін тапты. Ол үшін бюджеттен 2 млрд 200 мың теңге көлемінде қаржы қаралған. Жыл сайын 70-100 жаңа автобус алу мақсаты бар, алдағы 3 жылда жаңа бағыттарға қатынайтын көліктер санын арттырамыз» ,- деген болатын. Дәл қазір көне қалаға 200-ден аса автобус жетіспейді. Қала жұрты автобустардың аздығы мен сапасына жиі сын айтады. Үнемі кестеден кешігуі қала тұрғындарын әбден қажытқан. Осы орайда халық өздерінің уәжін білдірді:
Қорыта келгенде халық ақы төлеп, көлікке отырған соң, мейлінше жағдай жасалыну қажет. Автобустардың саны көбейіп, сапасы жақсарса, ол да халық үшін игі өзгеріс болары анық.